+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Жамбылда әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай онлайн байқаулар ұйымдастырылады

2020 жылғы 1 сәуір 07:38
Бөлісіңіз:
Жамбылда әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай онлайн байқаулар ұйымдастырылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты конкурс өтті Елордада анимациялық фильмдер фестивалі өтіп жатыр Маңғыстаулық шеберлер қолөнер бұйымдарының ерекше үлгісін жасайды

Аталған басқарма басшысы Серікбол Берікқожаның биыл сәуір айында онлайн түрде өткізілетін іс-шаралардың жоспары бекітілгенін жеткізді.

«Негізгі жоспар бойынша басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында «Kahoot» интелектуалды ойынынан чемпионат ұйымдастырылмақ. Онда жастарға онлайн кеңес беру, хакім ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты посттар байқауы сынды шаралар өтеді»,- деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен оқыту сабақтарын ұйымдастыру, жастарға пайдалы тақырыптарда мотивациялық кештер мен лекциялар ұйымдастыру, медициналық маска тігу, тігін өнері, ағаш, темірден бұйымдар жасау сияқты жастарды қызықтыратын шараларды ұйымдастырып, оның бейнежазбасын ютуб арнасына орналастыру және облысқа танымал жас өнерпаздардың онлайн-концерттерін ұйымдастыру сияқты шаралар өткізу жоспарланған.

«Басқарма әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы салалық басқармалардың қатысуымен мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, тұрғын үй және тағы да сол сияқты тақырыптар аясында тікелей эфир арқылы онлайн кеңес беруді бастады. Бүгінде «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен волонтерлік қолдау шаралары», «COVID-2019» короновирусынан сақтану шаралары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділіктері» туралы тікелей эфир арқылы онлайн кеңестер берілді», - дейді Серікбол Берікқожа.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT