Жамбылда әбден тозығы жетіп, қолдануға тыйым салынған вагондар теміржолда жүрген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қолдануға тыйым салынған вагондар мен электровоздардың теміржол бойында жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай фактіні көлік прокурорлары анықтаған. Яғни, 2 қызметтік вагон мен 11 электровоз әбден тозығы жетсе де, теміржолдан түспеген. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы декларациясы болмаса да, үш кірме жол екі жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келіпті. Мамандар бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен теміржол қызметіне қауіп төндіретінін айтады.

«Бұл техника мен кірме жолдарды пайдалану уақытша тоқтатылды. Кірме жол қожайындары әкімшілік жауапқа тартылды. 160 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шаралары ерекше бақылауға алынған»,- дейді Жамбыл көлік прокуратурасының аға прокуроры Нұрбол Жораев.

Соңғы жаңалықтар