Жамбылда 56 жастағы ауыл тұрғыны қарасора мен көкнәрді заңсыз өсірген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының Бірлесу-Еңбек ауылында өсірілген 12 түп қарасораның және 1020 түп көкнар апиынының алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тыйым салынған көшеттер «Көкнәр» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласынан табылды.

«Күдікті өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Департамент мамандарының айтуынша, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, контрабандасына қатысты есірткі бизнесіне қарсы профилактикалық жұмыс өзінің тиімді нәтижесін беруде.

Соңғы жаңалықтар