Жамбылда 52 жастағы тұрғынның үйінен 28 келіден астам марихуана табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғынынан салмағы 28 келі 360 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2019 жылғы 5 ақпанда жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Абай ауылының 52 жастағы тұрғынының үй-жайына тінту жүргізген болатын. Тінту барысында қораның ішінен оған тиесілі ақ түсті үш қап табылып, жалпы салмағы 28 келі 360 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді», дейді департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Бүгінде күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Айта кетейік, осыған орай қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар