Жамбылда 48 жастағы тұрғыннан 160 келіге жуық кептірілмеген марихуана тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 48 жастағы ер адамнан 160 келі кептірілмеген марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған есірткі қылмысы «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Меркі ауданы аумағында анықталған.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы жабайы өскен сора шабындығының аймағынан 48 жастағы ер адам ұсталды. Оқиға орнында 3661 бұталы үш өсімдік бауы табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес ол кептірілмеген марихуана екендігі анықталған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 160 келіге жуық»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар