Жамбылда 400-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Мигрант» іс-шарасы барысында 400-ге жуық шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылда «Мигрант» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Ол ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген және жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау мақсатына негізделген.

Рейдтік іс-шара өткізілген жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 384 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдаған Қазақстан Республикасының 164 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстанның 15 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының талаптарын бұзып, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін хаттамалар толтырылды»,-делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан 62 шетелдік азамат шығарылды.


Соңғы жаңалықтар