Жамбылда 400-ге жуық мүгедек жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасқан

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 24 жұмыс беруші мекемеден 70 мамандық бойынша 166 жұмыс орны ұсынылды.

Айта кетейік, партияның «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру Елбасының, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарыда көрсетілген тапсырмаларының тиімділігін арттырады және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруда мемлекеттік уәкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіруге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкені партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат ашып, жәрмеңке жұмысына сәттілік тіледі. Ол соңғы үш жылда партияның қоғамдық қабылдауына 187 мүмкіндігі шектеулі жан өтінішпен келіп, бүгінгі күі 66адамның мәселесі оң шешімін тапқанын жеткізді.

«Түскен өтініштердің басым бөлігі - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру, материалдық көмек беру, тұрғын үй. Осы мәселелерді ескере келе партияның облыстық және аумақтық филиалдары «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында жыл сайын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырады. Биыл бұл жәрмеңке екінші рет өтуде. Соңғы үш жылда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 400-ге жуық мүгедек жан жұмысқа орналасқан», – деп атап өтті Ш.Тілеумұрат.



Соңғы жаңалықтар