Жамбылда 4 ірі қараны атып, әкетіп бара жатқан барымташылар ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданынан мал ұрлап бара жатқан әккі барымташылар қолға түсті. Олар өрісте жайылып жүрген малдарды атып өлтіріп, әкетіп бара жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары күдікті автокөлікті «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінде тоқтатып, Т. Рысқұлов ауданының екі тұрғынын ұстады. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында көліктен 4 сиырдың тұтас еті мен пышақ, балта және атылған оқтың бірнеше гилзалары табылды. Олар ұрланған мал етін шұжық шығаратын цехтардың біріне өткізуді көздеген. Бұған дейін осындай әрекеті үшін бірнеше рет істі болған ұрылар кінәларын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүруде.

- Мойынқұм ауданы Бурылбайтал ауылынан жалпы құны 2 миллион теңгені құрайтын 7 сиырды жайылып жүрген жерінен атып өлтірген. Күдіктілер өлі малдарды көліктеріне сыйғанша артқан. Симағандарын қалдырып кеткен. Департаментте өткен жылы мал ұрлығы бойынша 347 факт тіркеліп, оның 201-і ашылған, - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гұлсара Мұхтарқұлова.

Соңғы жаңалықтар