Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Жамбылда 370 елді мекеннің 199-на ауыз су жүйесі тартылған

2019 жылғы 13 қаңтар 08:38 856
Бөлісіңіз:
Жамбылда 370 елді мекеннің 199-на ауыз су жүйесі тартылған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында  халықты ауыз сумен қамту көрсеткіші 53 пайыздан асқан. 10 елді мекенге ауыз су желісі жүргізілсе, биыл бұл бағытқа  3,4 млрд теңге бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР ИИДМ комитет басшысы ауыз су бағдарламасына қатысты сынға пікір білдірді 2020 жылы Павлодар облысы ауылдарының 60 пайызы таза ауыз сумен қамтылады

 Жалпы облыстағы 370 елді мекеннің 199-на таза ауыз су жүйесі тартылған. Ал, қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтады. 

 Өңірдегі кейбір елді мекендердің тұрғындарының аздығынан жаңа су құбырын салу экономиқалық жағынан тиімсіз болуда. Жергілікті билік бұл мәселені су тарату пункттері арқылы шешуді көздеп отыр. Сондай-ақ, 134 ауылды 2019-2022 жылдары ауыз сумен қамту жоспарлануда.

 Айта кету керек, бұған дейін аймақтағы бірқатар елді мекендерде ауыз су құбыры бола тұра, 50 мыңға жуық халық сол құбырға қосыла алмай келген. Оған тарифтің қымбаттылығы себеп болған. Бүгінде бұл мәселе республикалық бюджет есебінен субсидиялау мүмкіншілігі арқылы шешілуде. Бұдан бөлек, тарифті тұрақтандыру, жалпы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында облыста «бірыңғай оператор» құрылды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT