Жамбылда 35 нысан «қызыл сызық» нормаларын бұзған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 35 нысан «қызыл сызық» нормаларын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облыссы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Досанов айтты.

Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде екі жылдың ішінде облыс бойынша 35 «қызыл сызық» нормаларын бұзған нысан анықталды.

«Былтыр «қызыл сызық» нормаларын бұзған 32 кәсіпкерлік нысаны белгілі болса, биылғы тоғыз айда бұл көрсеткіш небәрі 3 нысанды ғана құраған. Оларды жою бойынша тиісті шаралар қолға алынды», - дейді Дәулет Досанов.

Айта кетейік, бүгінде Тараз қаласындағы норманы сақтамаған 23 нысанның 3-еуі бұзылса, 19-ының ісін сот қарап жатыр. Қалған нысандар бойынша да айыппұлдар салу, сотқа жолдау секілді шаралар қарастырылып, иелеріне түсіндіружұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен осы жылдың 9 айында заңнамалар мен нормативтер талаптардың бұзылуына жол бергені үшін өңірдегі 171 заңсыз құрылыс бойынша 19 млн теңге айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар