Жамбылда 3 мыңнан аса мәдениет қызметкерінің жалақысы өседі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 3065 мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің жалақысы 2020 жылдан бастап 35 пайызға өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсеналы Бықыбаев хабарлады.

Оның айтуынша, Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауындағы «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауындағы айтылған сайлауалды бағдарламасындағы іске асыруға қатысты Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңінің төртінші бағытында Мәдениет қызметкерлерін қолдау мәселесі айтылған. Оған орай Жамбыл облысында да тиісті шаралар қолға алынуда.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспардың 67-тармағын жүзеге асыру бойынша облыстағы 3065 мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің жалақысына 2020 жылдан бастап 35 пайыз қосылады. Ол қызметкердің еңбек өтілі мен лауазымына сәйкес есептеледі», -деді басқарма басшысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Соңғы жаңалықтар