+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Жамбылда 3 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж

2019 жылғы 18 қыркүйек 02:53
Бөлісіңіз:
Жамбылда 3 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 3 мыңға жуық студент жатақханаға мұқтаж, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда жатақханада тұрып жатқан мұғалімдер үшін аренда құны төмендетіледі Таразда қонақ үй 500 орындық жатақханаға айналды Атырауда 260 орындық жатақхананың құрылысы аяқталуға жақын

«Қаржы орталығы» АҚ студенттер жатақханасы бойынша операторлық ету департаментінің сарапшысы Алпамыс Сатыбалдиннің сөзінше, Жамбыл облысында жатақханаға мұқтаж студент жастардың саны 2 780-нен асады. Оның 2030-ы өңірдегі үш жоғары оқу орнында, 750-і колледждерде білім алады. Себебі өңірдегі құрылыс қарқыны демографиялық және көші-қон үдерістерімен сәйкес келмейді.

Жамбыл облысындағы үш жоғары оқу орны мәселені шешуге құлшына кірісіпті. Мәселен, Тараз мемлекеттік университеті 500 орындық жатақхананың құрылысын жүргізуде. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің басшылығы бұрынғы «Тараз» мейманханасының бес қабатты ғимаратын сатып алып, бес жүз орындық студенттер жатақханасына лайықтап, қайта жаңғыртудан өткізуде. Ал Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің 500 орындық жатақханасы биыл студенттерді қабылдады. Алпамыс Сатыбалдиннің айтуынша, қалыптасқан жағдайды мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында шешу қарастырылған.

«Бұл жобаға қатысып, мемлекеттік тапсырыстар алу «Қаржы орталығы» АҚ-ға өтініш беріп, құжаттар тапсырудан басталады. Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және әлеуетті жеткізуші арасында алдын ала үшжақты келісімдер жасалады. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылыс нысаны әлеуетті жеткізуші күшімен екі жыл ішінде пайдалануға берілуге тиіс. Бір ескерерлік жайт, мемлекет тарапынан субсидиялар нысан пайдаланылуға берілгеннен кейін, кезең-кезеңімен төлене бастайды», – дейді Алпамыс Сатыбалдин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Білім, ЖОО-лар,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT