Жамбылда 3 алғашқы медициналық көмек көрсететін орталық ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында үш бірдей медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заманауи үлгіде жабдықталып, білікті дәрігерлерден тұратын медициналық орталықтарТараз қаласындағы №5 емхана мен Жамбыл және Меркі аудандық ауруханасының базасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетін үздік практикалық орталықтароблыста алғаш рет ашылды. Бұндай игі бастаманың басты мақсаты –инновавиялық озық технологияларды пайдалана отырып, мамандардың кәсіби құзыреттілігін аттыру, олардың халық денсаулығы үшін жауапкершілігін күшейту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру және науқастарға сапалы әрі шұғыл қызмет көрсетугебағытталған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб, Медициналық Ұлттық қауымдастығының президенті Төлебай Рахыпбеков Меркі ауылындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі үздік практикалық орталығының ашылуына қатысты.

«Барлығымыздың басты міндетіміз – халықтың денсаулық, өмір сүру сапасын арттыру.

Мемлекет басшысының қазақстандықтардың орташа өмір сүру мерзімін 75 жасқа жеткізу бойынша тапсырмасына сәйкестүрлі шаралар қабылдануда. Денсаулық сақтау нысандардың материалдық-техникалық базасы нығайып, дәрігерлердің айлық жалақылары да еселеп көтерілуде. Бала туу көрсеткіші мен халық санының өскендігі қуантады. Пандемия кезінде бұл жаман көрсеткіш емес. Мұның барлығы да мемлекет тарапынан қолға алынған жүйелі жұмыстар мен мамандардың өз қызметтерін жауапкершілікпен атқаруының, жемісі»-деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі өткен жылы өңірде 5 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 8 нысан ашылатынын жеткізді.Таразда облыстық онкологиялық диспансер іске қосылады.Өңірдің бес бірдей ауданыКТ аппратыменқамтылған. Сол секілді, Меркі ауданында да КТ және магнитті-резонанстық томография бар.

«Біз барлық аудандарды КТ аппараттарымен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз. Маман тапшылығын шешу жолында «Дипломмен – ауылға!» бағдармасының мүмкіндіктерін барынша пайдаланудамыз. Тараз қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық орталық офисінің басшысы Мелитта Якаб медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің үздік тәжірибелік орталығын ашу жолында көп жұмыс атқарылғанын айтты.

Аудандық орталық аурухана базасында ашылған бұл орталықта

арнайы дайындықтан өткен 10 білікті маман қызмет көрсетеді. Олардың төртеуі дәрігер, алтауы орта буын медициналық қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар