Жамбылда 274 мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 5080 болса, бүгінде оның нақты саны 4806 қызметші немесе 94,6 пайызды құрады. Ал, бос лауазымдар үлесі - 274 орын немесе 5,4 пайыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Жұмабеков облыстағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39,9, орташа мемлекеттік қызмет өтілі - 10,7 жыл екенін жеткізді. Сондай-ақ, бүгінде облыста Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының - 16, «Болашақ» бағдарламасының - 3 түлегі мемлекеттік қызметте тер төгіп жүр.
«Өткен жылы 505 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі тағайындалса, оның 130-ының сынақ мерзімі аяқталмаған. Есепті кезең ішінде жалпы 1342 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланып, жоспар 100 пайызға орындалды. Соның ішінде қайта даярлау курсынан - 516 қызметші, біліктілігін арттыру курсынан 826 қызметші өтті»,-дейді Ержан Жұмабеков.
Айта кетейік, өткен жылы облыста тестілеуден өтуге барлығы 6042 азамат өтініш білдірген. Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 2520 адам немесе 41,7 пайызы тестілеудің шекті мәнінен өткен.
- Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Жеңіс Қасымбек: Көліктік инспекцияны түбегейлі өзгертеміз
- Ұлттық бюро тағы бір басшыға ескерту жасады
- Мемлекеттік қызметшілер қай уақыттан бастап жұмысқа смартфонмен кіре алады
-
Мемқызметшінің жемқорлық әрекеті үшін басшыға қандай жаза беріледі
-
Көпбалалы анаға пәтер сыйлаған тараздық есімін атамауды сұрады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам