Жамбылда 200-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 196 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кәмелетке толмаған 3 баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 2 әкімші, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР Заңнамасын бұзғаны үшін 2 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 128 заңды өкілге әкімшілік хаттама жасалды»,-делінгенведомство хабарламасында.

Апталық рейд барысында ІІО-да профилактикалық есепке 1 жасөспірім және 2 баласы бар 1 қолайсыз отбасы қойылды. КБО-ға қаңғыбастығы үшін 4 жасөспірім, 1 ата-ана құқығынан айырылған заңды өкіл орналастырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін, оларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын, сондай-ақ түнгі уақытта көшеге немесе ойын-сауық орындарына жібермеу қажеттігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар