Жамбылда 20 жастағы жігіттен 16 кг астам марихуана тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері Жамбыл облысының 20 жастағы тұрғынынан 16 кг марихуана тауып, тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеріп, вагондардың бірінен 20 жастағы жігітті ұстаған. Аталмыш облыс тұрғынынан жалпы салмағы 16 келіні құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар