Жамбылда 15 білім беру ұйымының лицензиясы тоқтатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының білім саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 86 іс қозғалды. Оның 70-і қаралып, 1710 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. 15 білім беру ұйымының лицензиясы 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық білім саласындағы бақылау департаменінің басшысы Дәмеш Үскімбаева айтты. Аталмыш департамент қозғаған 16 әкімшілік іс сотқа жолданып, 605 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. 3 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік істер қысқартылды.

«Білім беру қызметін лицензиялау бойынша өткен жылы 511 өтініш түсті»,- дейді департамент басшысы.

Сондай-ақ, департамент басшысы мен қызметкерлері 2019 жылғы 17-19 қаңтар күндері аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жаңатас, Шу қалалары және Қордай ауданындағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. Айта кетейік, облыс бойынша тестілеуге қатысуға 8331 бітірушінің 1993-і өтініш беріп, 1865 түлек ҰБТ-ға қатысты. Орташа балл - 63,95.

Соңғы жаңалықтар