Жамбылда 13 бас жылқыны қолды еткен ұры ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер 13 бас жылқыны қолды еткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында аталған ауданға қарасты Құлан аулының «Шөңгер» тау бөктерінің жайылымынан 58 жастағы тұрғынның жеке шаруа қожалығына тиесілі 13 бас жылқы малы ұрланғаны туралы аудандық полиция бөліміне шағым түскен болатын. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 21 қаңтарында қылмысқа қатысы бар Т.Рысқұлов ауданының 44 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Күдікті кінәсін толық мойындап, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген ведомство хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар