+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Жамбылда 12 мыңға жуық отбасындағы балалар компьютермен қамтылды

2020 жылғы 3 сәуір 09:15
Бөлісіңіз:
Жамбылда 12 мыңға жуық отбасындағы балалар компьютермен қамтылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында онлайн-оқытуға дайындықты пысықтау аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына 11,7 мың компьютер берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. Жаңа форматта оқыту түрі оқушылардың үй жағдайында компьютер, ноутбук, гаджеттермен қамтылуын және интернетке қол жетімділігін талап етеді.

«Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі қарастырылған. Олардың қолдарында компьютер, моноблок, ноутбук, планшет, смартфондары бар. Интернетке қосылған. Бұл орайда қалған 16 пайыз үшін қашықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өңірдегі 37200 оқушыда компьютер, планшет, смартфон жоқ. Олардың басым бөлігі аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыларға жатады. Бұл мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер аталған санаттарға жататын отбасылардағы 11 712 оқушыға уақытша бөлінген. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мың компьютер сатып алынған.

Сондай-ақ, облыстағы 17,8 мыңнан астам бала «Балапан», «Ел арна» және «Qazaq radiosy» радиосы арқылы трансляцияланатын сабақтарға қатысуы жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT