Жамбылда 1000-ға жуық оқушы қатысқан облыстық слет өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық слетін өткізді. Іс-шараға өңірдің барлық аудандары мен Тараз қаласынан 1000-ға жуық оқушы қатысты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шара мектеп оқушыларына рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру бағытында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын қорытындылау мақсатында өтті. Облыс орталғындағы «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырылған еріктілер слетінде Тараз қаласы мен барлық аудандардың «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері жыл бойына атқарылған жұмыстарын баяндап, бейнеролик, фотослайд арқылы презентациялар жасады.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі білім ордаларында азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары құрылған. Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысыбойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев сол туралы кеңінен айтып өтті. Оның айтуынша, бүгінгі күні «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысы қарқынды дамып, патриотты және бәсекеге қабілетті жастарды тәбиелеуде өзінің ықпалын тигізіп келеді. Оқушылардың бойында адалдық, парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында Жамбыл облысы бойынша 392 мектепте «Адал ұрпақ» клубтары құрылып, құрамына 16 мыңға жуық оқушы қамтылған. Жыл басынан бері ауылдық, аудандық, қалалық деңгейде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының ұйымдастыруымен барлығы 187 іс-шаралар өткізіліп, 42 135 оқушы қамтылды

«Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай, адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық – еліне адал қызмет етуден және сыбайластық іс-әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Мемлекетіміздің болашағы саналатын мектебіміздің осындай белсенді оқушыларынан үлкен үміт күтеміз. Өз заңын құрметтеп-қастерлейтін, еліне шын берілген адал ұрпақ – «Мәңгілік Елдің кепілі»,-деді департамент басшысы.

Басқосу барысында қатысушылардың құптауымен алдағы уақытта облыстағы«адал ұрпақ» еріктілер клубтары аясында «үгіт-насихат» топтары құрылатын болды.

Соңғы жаңалықтар