Жамбыл жастары «Көне Тараз» археологиялық саябағында ағаштар отырғызды (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен көктем мерекесі - Наурызға орайластырылған «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты жастардың облыстық сенбілігі өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сенбілік барысында аймақтың елді мекендерінде 5 мыңнан астам ағаш көшеті егіліп, 150 шақырымдық көлік жолының бойында жиналған қоқыс жиналды, 20 мың шаршы метр аумақ қоқыстан тазартылды.

Таразда «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» жастар сенбілігі «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының аумағында, сондай-ақ «Қазақ хандығының 550 жылдығы» ескерткішінің жанында өтті. Мұнда акцияны қолдаған зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар және қала тұрғындары 200-ден астам көшет отырғызды. Ағаштарды егуге аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев та қатысты.

Бұдан басқа жастар, Тараздағы жоғары және орта білім мекемелерінің студенттері «Қарахан баба» кесенесінің тарихи ескерткіші, Атшабар саябағындағы Ғашықтар саяжолы, қала саябақтарының маңын жинады.

Шараның ұйымдастырушылары - облыстық әкімдіктің жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі облыс аумақтарын санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 200-ден астам жас азамат қатысқанын атап өтті.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар