Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығулары өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл және Алматы облыстарында ҰҚШҰ ұжымдық жедел ден қою күштерінің оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді.

Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар