Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жояды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталығының сайты жазды.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Алматы қаласындағы, Жамбыл және Алматы облыстарындағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб басшыларының қабылдаған шешімдері бойынша, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жояды. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне өтеді. Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының барлық тұрғындарына түсіністік пен азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамыз», - делінген орталықтың хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 7 ақпаннан бастап Алматы қаласында террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынатыны хабарланған болатын. Енді оның қатарын Алматы және Жамбыл облыстары толықтырып отыр.



Соңғы жаңалықтар