Жамбыл Жабаевтың поэзиясы Қазақстан мен Ресейді мәңгілікке біріктірді - Г.Брегман (ФОТО)

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Ұлттар үйінде (МҰҮ) қазақтың көрнекті ақыны, поэзия алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш болып өтті.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің және МҰҮ-нің қолдау көрсетуімен Қазақ жастар одағы ұйымдастырған кеш қонақтарының арасында Мәскеу әдеби қоғамдастығы, мәскеулік ЖОО, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қазақ диаспорасы, сондай-ақ қазақстандық студенттер болды.

Құттықтау сөзінде Ресей Әдеби Палатасы атқарушы комитетінің төрағасы Георгий Брегман Жамбыл Жабаевтың екі ғасырдың куәсі болғанын атап өтті.

«Оның шығармашылығын екі кезең - лирикасы көбіне эпос пен халық өміріне арналған революцияға дейінгі кезең және оның кеңестік шындықты әділетті түрде суреттеген революциядан кейінгі кезең. Менің ойымша, Жамбылдың поэзиясы Қазақстан мен Ресейді сол кездегі Кеңес Одағында мәңгілік біріктіре түсті. Оның әрбір шығармасында шынайылық сезіліп тұр», - деді Г.Брегман.

Бұл ретте ол атақты қазақ ақынының қоршауда болған қаланы қорғаушылардың жүректеріне жеңіске деген үміт ұялатқан «Ленинградтық өренім» шығармасының маңызды рөлін атап өтті.

«Оның шығармашылығы жауынгерлердің жүректеріне рух беріп, оларды жеңіске жетеледі», - деп атап өтті Г.Брегман.

Өз кезегінде, Ресейдегі жоғарғы кәсіби білімнің құрметті қызметкері, РЖҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д. Дина Аманжолова өз сөзінде қазақ мәдениетіндегі ұлы ақынның ерекше миссиясын атап өтті.

«Жамбыл Жабаев тұлғасының ұлылығы оның өз өмірінде көп жағдайды бастан кешіп, өз халқының жыршысы ретінде жауапкершілігін түсіне білуінде. Біз сөз мәдениетінің қазақтар үшін өте маңызды екенін білеміз, ақын бұл миссияны тамаша атқарды», - деп атап өтті Д.Аманжолова.

Кеш барысында қонақтар қазақстандық жастардың шығармашылық ұжымдары домбырада орындаған Жамбыл Жабаевтың бірегей туындыларын, сондай-ақ ақынның әсерлі өлеңдерін тыңдады. Олар сондай-ақ ақынның осы күнге дейін Алматы қаласында тұрып жатқан ұрпақтарының бейнеүндеуін тамашалады.
null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар