Жамбыл Жабаевтың Мәскеуге сапарларынан архив фотолары жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Президентінің Телерадиокешені ақынның Мәскеуге жасаған екі сапарынан архив фотоларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТРК «Бір суреттің тарихы» атауымен екі фото жариялап отыр. 1938 жылдың қаңтарында түсірілген оның бірінде орындықта отырған Ж.Жабаевтың айналасына бір топ адам жиналған. Қолында гүлшоқтары бар.

Ақынның Мәскеуге екінші сапары 1939 жылдың сәуірінде өткен. Онда да Ж.Жабаев бірнеше адамның арасында түскен.

«Жамбыл Жабаев өзінің бар ғұмырын адамның ең биік адами қасиеттерін дәріптеуге арнады – олар патриотизм, іске адалдық және әділеттілік», - деп жазды ҚР Президентінің Телерадиокешені Telegram-да.


Соңғы жаңалықтар