+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жыршы туралы деректі фильм түсіріледі

2021 жылғы 1 тамыз 09:31
Бөлісіңіз:
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай жыршы туралы деректі фильм түсіріледі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биылғы жыл бірнеше мерейлі датаға толы екені белгілі. Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығымен бірге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық, малшылардың маршалы атанған Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Айтулы даталарды атап өтудің іс-шаралар жоспары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында қаралып, кеңінен сөз болды.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай атқарылған жұмыстар жайлы хабарлама жасап, іске асырылатын іс-шаралар легі туралы баяндады.

Басқарма басшысы алдағы уақытта Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы даланың алып жыршысы» деректі фильмі әзірленетінін, Иран Ғайыптың драмалық шығармасы сахналанатынын, «Жамбылдың салған даңғылы» атты жинақ шығатынын, оған тың дүниелер енетінін айтып өтті.

Басқарма басшысы өз сөзінде Жамбыл облысының Алматы облысындағы және Алматы облысының біздің өңірдегі мәдениет күндерін жоғары деңгейде өткізу мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынып жатқанына да тоқталды.

«Аудан әкімдері де Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтуге атсалысулары керек. Елімізде Жамбыл атындағы аудан біздің өңірде бар ғой. Одан бөлек бізде бірнеше ауылдық округ, 83 көше бар екен. Сондықтан бұл мерейтойдан ақын атындағы өңірлер де сырт қалмасын»,- деді Бердібек Сапарбаев басқарма басшысына қаратып.

Бұдан соң Жазылбек Қуанышбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Бұл туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов баяндама жасады. Ол өз сөзінде барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын толыққанды айтып берді. Сондай-ақ облыстық БАҚ-та арнайы айдарлар ашылып, мақалалар беріліп, сюжеттер тұрақты түрде көрсетіліп келе жатқанын тілге тиек етті. Ж.Қуанышбаевтың мерейтойы аясында туған жері Мойынқұм жерінде де көптеген ісшаралар, спорттық жарыстар өткізілетінін сөз етті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Тараз қаласынан Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілетін көше мәселесін де сұрады. Өз кезегінде тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова тиісті жұмыстар жүргізілгенін, республикалық ономастикалық комиссияның отырысын күтіп отырғанын жеткізді.

Жиын барысында облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков өз ұсыныстарын жеткізді. Одан бөлек аудан әкімдері де бұл мерейтойлық іс-шаралардың лайықты түрде өтуіне атсалысатындықтарын жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT