+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия оқулары өтті

2021 жылғы 25 ақпан 23:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия оқулары өтті

КИЕВ. ҚазАқпарат - Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті.

Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен бірге Жамбыл Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлыма жауап» және тағы басқа шығармаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді.

Сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.

Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді.

Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT