Жамбыл тұрғыны Қостанай облысында коронавирус жұқтырды деген ақпарат – фейк

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Жамбыл облысы тұрғынының Қостанайда коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысының 1999 жылы туған тұрғыны Қостанайда коронавируспен ауыруы мүмкін деген ақпаратты теріске шығарамыз. Тараздағы әріптестерімізбен бірлесіп жүргізген эпидемиологиялық тексеру кезінде коронавирус жұқтырған қыз Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол ұзақ уақыт бойы үйінде болған, содан кейін оның коронавирусты жұқтыру фактісі расталған. Бүгінгі күні Қостанай облысында коронавирус диагнозы бар жалғыз пациент қанағаттанарлық жағдайда. Қажетті ем алып жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова.

Қазір Қостанай облысында 185 адам ауруханаға жатқызылды, 2148 үй карантинінде. Айта кету керек, Қостанай облысына басқа өңірлерден автомобиль пункті арқылы өтетіндер саны 20 есеге азайды. Егер осыған дейін күніне 3 мыңнан 5 мыңға дейін адам тіркелсе, шекарадағы шектеулерден соң облысқа күніне 300-дей адам келеді.

Медициналық қызметкерлер мен полицейлер азаматтарды мұқият тексереді.


Соңғы жаңалықтар