Жамбыл-Талас теміржол аралығында жүк пойызы 48 жастағы әйелді басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Жамбыл облысындағы темір жолда орын алған, деп хабарлады аймақтың ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«15 қараша күні сағат 19:04-те Жамбыл-Талас» аралығының 3516-шы шақырымында, №5 пикетте, Жамбыл-Шу бағытындағы №3014 жүк пойызы (машинист Б.Құрбанов) Тараз қаласының тұрғыны, 48 жастағы әйелді басып кетті. Жамбыл облыстық ТЖД-нің кезекшісіне бұл туралы хабарлама сағат 19:30-да келіп түскен», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Зардап шеккен әйел Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізіліп, сағат 20:10-да қайтыс болды.

Пойыздың кешігуі орын алған жоқ, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар