Жамбыл полицейлері жол үстінде жас ананы босандырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі патрульдік полициясының қызметкерлері жол үстінде жас ананы босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 тамыз күні ерлі-зайыпты Сәлімбаевтар Қордай ауданынан перзентханаға бара жатқан. Алайда Алматы-Ташкент жолының 183 шақырымында олар тоқтауға мәжбүр болды. Бір жақсысы, көмек дереу келіп, – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі патрульдік полициясының қызметкерлері – аға лейтенант Т.Сейімбетов пен лейтенант Б.Наурызбаев бірден ерлі-зайыптыларды ауруханаға ала жөнеледі. Алайда перзентханаға дейін көлік жете алмады», - делінген департаменттің instagram парақшасында.

Осылайша, полиция қызметкерлерінің көмегімен көлік салонында шекесі торсықтай ұл дүние есігін ашты. Көп өтпей жедел жәрдем қызметі де жетіп, бақыттан басы айналған отбасы перзентханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар