Жамбыл полицейлері жол ережесін бұзған мектеп бітірушілерді жауапқа тартты

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жол ережесін бұзған түлектерге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізді.

Оның барысында Тұрар Рысқұлов ауданында мектеп бітірушілер мінген кортеждің жол ережесін бұзған видеолары табылған.

Жол патруль полиция тобының қызметкерлері «Toyota Land Cruiser Prado», «Audi 80», «BMW 735», «VAZ 210540» және екі «Toyota Camry» маркалы көліктердің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мұның алдында шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзған көлік кортежін жауапқа тартқан еді.

Сондай-ақ Тараз қаласында жаңа мектеп бітірген түлек автомобильді басқара алмай, көлігімен бірге каналға түсіп кеткен.



Соңғы жаңалықтар