Жамбыл облысының жүз мың халқы жарықсыз қалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Жамбыл облысының Мерке, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарында тұратын 100 мыңға жуық халық бірнеше сағат жарықсыз отырды.

«Бұған себеп - Талас өзеніндегі жұмыстар, - деді ЖЭС ЖШС бас директорының орынбасары Досымхан Аралбаев. - Жамбыл ауданының әкімдігі жабдықтау компанияларының келісімінсіз Талас өзенінің арнасын бұру жұмыстарын жасаған. Өзен суы қолданыстағы инфрақұрылым жаққа аққан. Негізгі аралық станцияға зақым келіп, бүгін таңда істен шықты. Сол себепті, 100 мыңға жуық абонент бірнеше сағат жарықсыз отырды».
Д.Аралбаевтың айтуынша, қосалқы қуат есебінен аз уақыт ішінде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді.
Алайда, Жамбыл ауданының Жасөркен ауылындағы екі жарым мың халыққа әлі де жарық қосылмады.
«Қазір біз облыстық әкімдікпен бірігіп, ауылға жарық жеткізу шараларын жүргізудеміз», - деді Д.Аралбаев.

Соңғы жаңалықтар