Жамбыл облысының туристік нысандары ЭКСПО-2017 қонақтары баратын негізгі бағдарлар қатарына енді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл өңірінің табиғи және тарихи мекендері Қазақстандағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келетін туристер баратын негізгі бағдарлар қатарына енді.

«Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» Мемлекеттік бағдарламасына қосылған Жамбыл облысының бай туристік әлеуеті бар, ішкі және халықаралық туризмді дамытудың үлкен мүмкіндіктеріне ие.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, ежелгі заманғы Ұлы Жібек жолы өткен Жамбыл өңірі шетелдік қонақтарға «Ежелгі Тараз қазыналары», «Ақыртас сырлары», «Ақсу-Жабағылы», «Ұлы Жібек жолы бойымен», «Ежелгі Тараз бүгінгі заманда», «Қар шыңынан бархан құмына дейін» және басқа да туристік бағдарларды ұсынады.

Ұлы Жібек жолының Жамбыл аумағындағы бөлігінде (Сайрам - Тараз - Ақшолақ - Ақыртөбе - Құлан - Мерке - Шу - Аспара - Қордай) қызықты тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан.  Бес ескерткіш (Шу ауданындағы Ақтөбе қалашығы, Рысқұлов ауданындағы Өрнек, Құлан қалашықтары, Байзақ ауданындағы Қостөбе қалашығы және Жамбыл ауданындағы Ақыртас кешені) ЮНЕСКО бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген.

Аймақтағы туризмді дамытуда «Ежелгі Тараз» жобасына басымдық беріліп отыр. «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында шамамен 20 гектар аумақта  Тараздың орталық бөлігінде орналасқан бұл жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

6 5 жабыл3 жабыл2   

Соңғы жаңалықтар