Жамбыл облысының тұрғыны жасанды көлшікке батып мерт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жаз мезгілінің алғашқы маусымындағы бірінші қайғылы оқиғаны тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шайқорық» ауылындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығында қолдан жасалған көлшікке 37 жастағы тұрғын батып кетті»,-деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖ депарматентінің баспасөз қызметі.

Марқұмның денесін «Ерекше құтқару жасағы» ММ-нің күштері алып шықты. Сондай-ақ бұл жұмысқа тағы 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылған.

Қазіргі таңда болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтері бойынша, өткен 2017 жылы 33 адам суға батып мерт болған. Олардың 22-сі балалар. Биыл Жуалы ауданындағы Билікөл өзенінде балық ауламақ болған жергілікті тұрғын суға батып кетті.

Соңғы жаңалықтар