Жамбыл облысының тұрғындарының төрттен бір бөлігі спортпен айналысып жүр (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков жұртшылықтың алдында аймақтың өткен 2015 жылдағы спорттық жетістіктері туралы есеп берді.

Оның айтуынша, өткен жыл аймақ үшін спорт саласында табысты болып, жамбылдық спортшылар түрлі дәрежедегі жарыстарда елеулі табыстарға қол жеткізген.

«2015 жылы біздің спортшыларымыз әлем және Азия чемпионаттарында 111 медаль жеңген, соның ішінде 52-сі - алтын жүлделер. Тағы 194 медаль халықаралық жарыстарда, 823-і - республикалық чемпионаттардағы табанды күресте алынған. Жамбылдықтарды өз жеңістерімен дзюдошы Елдос Сметов, боксшылар Олжас Сәттібаев, Асланбек Шымбергенов, палуан Бейбіт Ыстыбаев, ауыр атлет Жасұлан Қадырбаев, паралимпиадалықтар Зүлфия Ғабидуллина мен Нышан Өмірали, «Тараз» волейбол клубы қуантты, - деп атап өтті Г. Қайнарбеков.

Облыстық спорт басшысы бұқаралық спортты дамытудың жыл сайынғы өсімін де атап өткен. «Бүгінгі күні Жамбыл облысында 282 мың адам дене шынықтырумен айналысады, бұл - аймақ тұрғындарының жалпы санының 25,5 пайызы. Өткен жылы бұқаралық спорт түрлеріне қатыса бастаған жамбылдықтардың өсімі 2 пайыздан астам болды. Бұл санның шамамен үштен бір бөлігі спорттық мектептерде тұрақты негізде айналысып жүр. Бұл қуантады, себебі Президентіміз Н.Назарбаев спортпен айналысу және салауатты өмір салтын ұстануға шақырып қана қоймай, ол жағына жеке үлгі болып отыр», - деді Г.Қайнарбеков.
null
null
null
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар