Жамбыл облысының тұрғындарына Арыс жақтан ешқандай қауіп жоқ - ТЖД

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбыл облысының тұрғындарына жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы жақтан қауіп туындап тұр деп Whatsapp желісі арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, Арыс қаласы көрші Түркістан облысының аумағында орналасқан. Екі қала арасындағы автомобиль трассасының ұзындығы 246 км-ді құрайды.

«Қазіргі таңда Whatsapp мэссенджерінде Арыс қаласынан төнген жатқан қауіп туралы ақпарат тарап жатыр»,-делінген Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

«Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды».

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Жамбыл облысының аумағындағы атмосфералық ауаны ластаушы заттардың көлемі шекті деңгейде.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды дүрліге бермей тыныштық сақтауға шақырды.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарланды.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Соңғы жаңалықтар