Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен.

Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.

«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.




Соңғы жаңалықтар