Жамбыл облысының Таскөл көлінде суға батып кеткен екінші балықшының мәйіті табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жоғалған балықшыны іздеу жұмысына 65 сүңгуір тартылған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Тараздан 50 шақырым жерде, Жамбыл ауданының Таскөл көлінде 10 қараша күні тіркелген. Металл қайығына отырып, балық аулаған екі адам қайықтың аударылуы салдарынан суға батып кетті. Оқиға орнына облыстық ТЖД-нен арнайы жабдықталған екі көлікпен он адамнан құрылған сүңгуірлер тобы шықты. Екі сағаттан кейін суға кеткен бір адамның денесі табылды, екінші балықшыны іздеу жұмыстары екі тәулікке созылды.

Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД-нің 65 адамы мен қажетті жабдықтар мен құралдары бар жеті техника бірлігі жұмылдырылған. Су-іздеу жұмыстарының барысында екінші азаматтың мүрдесі табылып, судан шығарылды.

Қаза тапқандар Жамбыл ауданының 22 және 23 жастағы тұрғындары, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар