Жамбыл облысының шалғай ауданындағы апатты мектептер мәселесі толық шешілді

Фото: None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Сарысу ауданына жасаған іссапары барысында ондағы білім мекемелерінің жайымен танысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңір басшысы бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын, Жантас қаласының әлеуметтік-маңызды нысандарын, Досбол, Ақтоғай және У.Сыздықбаев елді мекендерін аралады.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Сарысу ауданы бойынша ескі мектеп мәселелері толықтай шешілген.

Кәрім Көкірекбаев Досбол ауылындағы 50 орындық жаңа мектеп құрылысымен танысты. 2016 жылдың сәуір айында басталған мектеп құрылысы  тамыз айында толық аяқталады деп күтілуде. Ғимарат құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта аумағын абаттандыру және тұрақты пайдалану мақсатында инженерлік коммуникациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нысан құрылысына жергілікті тұрғындардан 50 адам еңбектенуде.  

Соңғы жаңалықтар