Жамбыл облысының полицейлері борышкерлерден 30 миллионнан астам теңге өндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен аптада Жамбыл облысында «Борышкер-2021» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі тікелей эфирде өткізген брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияның мақсаты - «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырып, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру.

«2021 жылғы материалдар бойынша өндіріп алынған қаржы 17 миллион 779 мың теңгені құрады. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша мамандандырылған тұраққа борышкерлердің 229 автокөлігі орналастырылды», - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкәмшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мәмбет Смайылов.

Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс. Айыппұлды төлеу қажеттігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде ол өңірлік сот орындаушылары палатасына жіберіледі, олар мүлікке, шоттарға тыйым салады, сондай-ақ шекарадан өтуге шектеу қояды.


Соңғы жаңалықтар