+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды

2020 жылғы 8 ақпан 14:15
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен құрылған Комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ш. Хахазов және «Дүнген қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Воинце мен қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары кірді.

Комиссия алдында кикілжің себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету міндеттері қойылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT