Жамбыл облысының кәсіпкерлеріне 49,2 млрд. теңге қаржылық қолдау көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында кәсіпкерлердің 439 жобасына қаржылық қолдау көрсетілді, - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасы.

ҚР Статистика комитетінің мәліметтерінше, шағын және орта кәсіпкерлік саласында қызмет етіп отырған субъектілердің саны 61718 бірлікті құрайды.

««Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске қосылғаннан бері кәсіпкерлердің 439 жобасына жалпы сомасы 49,2 млрд. теңге қаржылық қолдау көрсетілді. ҚР Кеден комитетінің мәліметтерінше, жартыжылдық бойынша сыртқы сауда айналымы 173,1 млн. АҚШ долларын, тауарлар экспорты - 72, 5 млн.долларды, импорты - 100,6 млн. долларды құрады. Сыртқы сауда айналымының теріс сальдосы қалыптасты - 28,1 млн. АҚШ доллары. Бөлшектеп сату айналымы 7,0 пайызға өсіп, көтерме сауда айналымы 83,5 млрд. теңге сомасын құрып, 11,3пайызға төмендеген», делінген хабарламада.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 90,5 млрд. теңгені құраған.

Өсім Қытай транзиттік магистральды газ құбырын салуға инвестициялар тартудың арқасында қамтамасыз етілді.

Инфляция деңгейі 102,0 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар