Жамбыл облысының Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Батырхан Әкек Жамбыл облысы әкімдігінің Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батырхан Базарбайұлы 1976 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған. 1998 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «өндірісті ұйымдастыру» (менеджер) мамандығы бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1998 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Қаржы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2011 жылғы қазан айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының Табиғи ресурстар басқармасына Олжас Баққараев басшы болып тағайындалғанын жазған едік. Олжас Елебекұлы 1985 жылы Тараз қаласында туған. Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін «электроника және микроэлектроника», Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған.


Соңғы жаңалықтар