+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жамбыл облысының екі ауданындағы 59 елдімекен газбен қамтылады

2020 жылғы 25 қыркүйек 23:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының екі ауданындағы 59 елдімекен газбен қамтылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бейнеконференция-байланыс режимінде «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауы аясында азаматтарды қабылдады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
189 мыңнан аса жамбылдық тұмауға қарсы екпе қабылдады

Аймақ басшысына Мойынқұм және Шу аудандарының тұрғындары өз өтініштерімен жүгінді.

Жамбыл Қалыбаев Мойынқұм ауданында, атап айтқанда өзі туған Мойынқұм ауылын газдандыру мәселесін шешіп беруді сұрады. Облыс әкімі өз жауабында «Шу» газ тарату стансасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайын екендігін тілге тиек етті. Көгілдір отынмен Шу және Мойынқұм аудандарының 59 елдімекені газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім жолданған.

Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Сатыбалдиев Меркі-Шу-Бурылбайтал автомобиль жолының құрылысы қашан аяқталатынын сұрады. Коронавирустық пандемияға байланысты құрылыс жұмыстарында біраз уақыт кідіріс болғанымен, қазір қайта басталған. 2021 жылы жоспар бойынша трассаның 262 шақырымы пайдалануға беріледі.

Тілеш Аманжолов Мыңарал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу керектігін алға тартты. Бердібек Сапарбаев бұл мақсатқа облыстық бюджеттен төрт миллион теңге бөлінгенін, бүгінде жобалық-сметалық құжаттама дайын екендігін жеткізді. Құрылыс жұмыстары тиісті сараптамалардан соң басталмақ.

Сондай-ақ, Шу қаласының тұрғыны Күлшат Бекбосынова да облыс әкіміне жүгініп, Қабанбай батыр көшесінің тұрғындары таза ауыз суды күтіп отырғандығын айтты. Шу қаласында су құбырларын орнату жұмыстары жүргізілуде, дегенмен, Қабанбай батыр көшесі мердігер тізімінде болмай шыққан.


Аудан әкімі Нұржан Календеров мердігермен келіссөздер жүргізіп, тұрғындардың өтініштерін жеткізген. Мердігер өз есебінен сумен жабдықтау жүйесін орнатуға келісіпті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT