+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысының дәрігерлері коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

2020 жылғы 27 наурыз 12:18
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының дәрігерлері коронавирус жұқтырғандардың жағдайы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов коронавирус жұқтырғандардың денсаулық жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 123 адам коронавирустан жазылып шықты Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды

«Соңғы өткен тәуліктің ішінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді. Жалпы, тіркелген үш оқиғаға тоқталсақ, олардың бір-бірімен байланысы жоқ. Бірақ осы адамдардың барлығы Қырғызстаннан келіп отыр. Бұл адамдар Қазақстанға әр күндері келген», - деді М. Жұманқұлов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бір азамат Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғыны .

Қырғызстаннан шекараны өткен кезде, бекітілген тәртіпке сәйкес, карантинге оқшауланған. Зерттеу нәтижесінде инфекция шыққаннан кейін, бұл науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Бүгінгі таңда олардың барлығы оқшауланды.

«Үшінші оқиға бойынша тоқталсақ, науқас Қордай ауданының тұрғыны. Бұл азамат та бізге Қырғызстаннан өтіп отыр. Бекітілген алгоритм бойынша барлық мемлекеттік органдар тиісті жұмыстарды атқарып, осы кісімен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтады. Ол адамдар карантиндік стационарға жатқызылған», - деп нақтылады басқарма басшысы.

Оның атап өтуінше, індет жұқтырған адамдардың денсаулық жағдайы бір қалыпты.

«Олардың денсаулықтарына шағым жоқ. Бекітілген тәртіп бойынш ем-дом жасалуда. Оқшауланған адамдардың да жағдайы қанағаттанарлық, яғни денсаулықтарына шағым жоқ. Олардың барлығы медициналық бақылауда болады», - деді Марат Жұманқұлов.

Айта кетейік, Жамбыл облысында індетке шалдығудың алғашқы жағдайы 24 наурызда тіркелді. Ол - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Өңірге Қырғызстан Республикасынан келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT