+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 13 млрд теңгеге 173 жоба жүзеге асыру көзделген

2020 жылғы 1 маусым 12:55
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының Байзақ ауданында 13 млрд теңгеге 173 жоба жүзеге асыру көзделген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Байзақ ауданы тұрғындарының әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге 13 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Ұқсас жаңалықтар
Бағдат Мусин интернет сапасын қадағалауға қосымша қаржы сұрады СҚО-да коронавируспен күреске 1 млрд 475 млн теңге бөлінген Қостанай облысында «Қыран» арнайы бөлімшесінің көмегімен қылмыстық топ құрықталды

Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың ауданға барған жұмыс сапары барысында айтылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары екі мыңнан астам адам тұратын Қостөбе ауылынан басталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша мұнда 75 оқушыға арналған орта мектепте қосымша кеңейту құрылысы жүргізілуде. Кеңейту жобасында асхана мен спорт залы бар болғанымен, акт залы қамтылмаған. Бердібек Сапарбаев бұл олқылықты түзетіп, жобаға түзетулер енгізу керектігін ескертті. Жалпы, биыл ауданда бір жаңа мектеп және екі жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізіліп, 9 мектеп күрделі жөндеуден, 12 мектеп ағымдағы жөндеуден өтпек.

Өңір басшысы осы ауылдағы су тарту нысандары мен су құбырлары құрылысының барысымен де танысты. Бұл жұмыстарға 27 адам жұмылдырылған десек, оның 15-і жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылған.

Бұдан соң облыс әкімі аудандағы Мәдімар, Көктал ауылдарында болып, ондағы құрылыс-жөндеу, газ тарту жұмыстарымен танысты.

Облыс әкімінің аудандағы жұмыс сапары 13 мыңға жуық тұрғыны бар Бурыл ауылында аяқталды.

Биылғы жылы мұнда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, орта мектептің, 180 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталып, су құбыры желісін қайта құру, бірқатар көшелерде жарықтандыру жүргізу жоспарлануда. Өңір басшысы нысанның құрылыс барысымен танысып, ақсақалдармен кездесті.

«Мемлекет ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін маңызды шаралар қабылдауда. Сіздердің ауылдарыңыз – тамаша үлгі. Тек осы жылдың өзінде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге 2,6 миллиард теңге бөлінді. Өз кезегінде сіздер де ауылдағы тәртіпті қамтамасыз етуге, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға, жастар арасында татулық, түсіністік және ұлтаралық келісімге негізделген тәрбие жұмыстарын күшейтуге назар аударуларыңыз керек. Жастардың күш-жігерін шығармашылық бағытқа бағыттау – аға буынның басты міндеті», - деді облыс әкімі ақсақалдармен әңгіме барысында.

Айта кетейік, ағымдағы жылы түрлі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында Байзақ ауданында 173 жобаны іске асыруға 12,9 миллиард теңге қаратырылды. Бюджет қаражатын 143 шақырымдық автомобиль жолдарын, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет мекемелерін салуға және жөндеуге, ауыз су, газбен қамтуға, электрмен жабдықтауға, абаттандыруға және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттау жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT