Жамбыл облысының бас санитар дәрігері карантин талаптарына өзгеріс енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбылдықтар үшін карантин талаптарына өзігеріс енгізілді. Жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайту керек. Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі. (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру). Сол сияқты ҚР Ұлттық банкі және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат», - деп жазылған жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, «Ashyq» жобасының жұмысына қатысты нақты міндеттер көрсетілген.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді. Жобаға қатысатын нысандар үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау немесе ревакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) қызметіне шек қойылмайды», - делінген құжатта.

Одан бөлек, аталған облыстың бас санитар дәрігері сала бойынша құзырлы органдарға санитарлық-эпидемологиялық шараларды орындау міндетін жүктеді.

Және карантин талаптары мен «Ashyq» жобасының жұмысын бұзған азаматтар мен мекемелерді заң аясында жауапқа тарту керектігі айтылған.


Соңғы жаңалықтар