+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жамбыл облысының ауылдары ішімдік сатудан бас тартты

2016 жылғы 23 қараша 09:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысының ауылдары ішімдік сатудан бас тартты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Дүнген диаспорасы тығыз орналасқан Қордай және Жамбыл аудандарының ауыл дүкендері алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін сатудан бас тартты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында шамамен 50-60 мың дүнген тұрады, олардың дені Жамбыл облысында, Қордай мен Жамбыл аудандарының Жалпақтөбе, Масаншы, Сортөбе ауылдарында өмір сүреді, - деді Жамбыл облысындағы «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының жетекшісі Руслан Исмазов.

«Дүнгендер өз мәдениетін, туған тілін, салт-дәстүрін сақтай отырып, жастарды ата-бабаны құрметтеуге, үлкендерді сыйлауға және еңбекқорлыққа үйретіп келеді», - деп атап өтті ол.
null

Осылайша, дүнген ақсақалдары жастардың басындағы келеңсіздіктер алкоголь салдарынан туындайды деген шешімге келді. Ардагерлер мен мешіт имамдары кәсіпкерлерге өтініш білдіріп, дүкен сөрелерінен темекі мен ішімдік өнімдерін алып тастауды сұрады.

«Қордай ауданының бірнеше ауылында, сондай-ақ Жамбыл ауданындағы Жалпақтөбе ауылында дүкендер арақ-шарап пен шылым сатудан толығымен дерлік бас тартты», - деді Р.Исмазов.

null

Оның айтуынша, ауылдарда құқықбұзушылықтар саны едәуір азайып, жастар салауатты өмір салтын ұстанатын болған. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар тәрбиесіне, олардың қоғамдағы орнына аса мән беріп отыр.

null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT