Жамбыл облысының әлеуеті аймақ экономикасының өсімін ынталандыруға мүмкіндік береді - К.Көкірекбаев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер департаментінде Жамбыл облысының қаржы саласындағы өткен жылдың қорытындылары мен 2016 жылға белгіленген міндеттер талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Кеңейтілген алқа отырысына Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, аудан әкімдері, құқық қорғау, мемлекеттік және өкілетті органдардың, Жамбыл облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Жамбыл облыстық МКД-нің басшысы Асқар Тынысбековтің баяндауынша, облыста 2015 жылы мемлекеттік бюджет бойынша кірістердің болжамды жоспары 112,6 пайызға орындалған.

«Жоспарланған 60,2 млрд. теңгенің орнына 67,8 млрд. теңге, немесе 7,6 млрд. теңгеге көп қаражат келіп түскен. Соның ішінде жергілікті бюджетке 6 млрд. теңге келіп түсті. Республикалық бюджет бойынша жоспар 107,5 пайызға орындалған - 22,6 млрд. теңге, немесе 1,6 млрд. теңгеге көп. Жергілікті бюджет жоспары 115,3 пайызға орындалды - 45,1 млрд. теңге, немесе 6 млрд. теңгеге көп қаражат келіп түскен», - деп атап өтті баяндамашы.

Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев облыстың 2015 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, аймақтың жаһандық әлемдік экономикалық дағдарыспен байланысты қиындықтардан өтуіне резервтер бар екеніне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар