Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыс әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы Тараз қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан 35 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Аталмыш сайлау учаскесі таңғы жетіден бастап өз жұмысын бастаған. Онда барлығы 2308 сайлаушы тіркелген. Олардың 400-ге жуығы сағат 11:00-ге дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл сайлау учаскесінде келушілерге арналып барлық жағдай жасалған. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін әсем әуен ойнатылып тұрғаны да көңілге әдемі әсер сыйлайды. Ал алғашқы болып дауыс бергендерге естелік сыйлықтар да тарту етіліп жатыр.null

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша кезектен тыс президенттік сайлауға 718 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Оның 40 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Саяси науқанда өңірде барлығы 484 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар